5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +15°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Спорт

Алтынды екеуіміз де алсақ бола ма?…

Бір жыл кешігіп өткен XXXII жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бұл жолғы Олимпиада жеңістер мен рекордтардан бөлек, психологиялық кедергілерді жеңу және әр түрлі елдердің спортшылары арасындағы достығымен есте қалады.

TurkistanZaman ақпарат агенттігі әлемдік додада спортшылар мен жанкүйерлерді таң қалдырған екі достың таңғажайып оқиғасын назарларыңызға ұсынады.

ҮЗІЛГЕН ҮМІТ

Биіктікке секірудің финалында нағыз драма өрбіді. Катарлық Мутаз Баршим мен итальяндық Джанмарко Тамбери мүмкіндікті бірдей пайдаланып, екеуі 2,37 метр биіктікті бағындырды.  Екеуі де 2,39 метрді бағындыруда сәтсіздікке ұрынды…

Бұл екі спортшы бір-бірін бұрыннан білетін: Токио финалынан бес жыл бұрын Тамбери Рио олимпиадасының медаліне біртабан жақын еді.Ол өте сәтті маусым өткізіп, дүбірлі додаға 21 күн қалғанда ұлттық рекордты жаңартты. Монакода «Гаухар Лига» кезеңін жеңді. Бірақ, өз рекордын қайта жаңартпақ боп 2,41 метрге секіргенде тобығынан жарақат алған спортшының Рио олимпиадасынан үміті үзілген еді…

Жарақатынан айыққан Тамбери үлкен додаға қайта оралғанда, айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсете алмады. Сондай сәтсіз кезеңнің бірінде ол бөлме есігін құлыптап алып жылаған екен. Сол күні катарлық Мутаз Баршим бөлмесінің есігін қағып, итальяндық ашпайынша кетпей қояды. Олар ұзақ уақыт әңгімелеседі. Джанмарко жылайды, Баршим оны жұбатып, одан жаттығуды, оған сенетіндер үшін емес, өзі үшін алға қарай ұмтылуды сұрайды.

«Сен көп еңбектендің, бұл өз нәтижесін береді»,- Тамберидің естелігі бойынша Баршим оған дәл осы сөздерді айтқан. Бұл сөздерге жігерленген ол биіктерді қайта бағындыра бастайды.

Токиодағы жеңістен соң ол гипсын ала шықты. Онда «Токио 2021-ге жол» деп жазылған еді…

 

ЕКЕУГЕ БІР АЛТЫН

Міне, жуырда ғана аяқталған дүбірлі доданың финалында екеуінің жолы қайта түйісті. Қос спортшының көрсеткіштері тең болған соң төреші оларға қосымша мүмкіндікті пайдалана алатындарын түсіндіре бастағанда…

«Алтынды екеуміз де алсақ бола ма?» – дейді Баршим төрешінің сөзін бөліп.

«Иә, егер сіздер солай шешсеңіздер…» – деп жауап береді төреші. Баршим мен Джанмарко әрі қарай сөзін аяқтатпай бірін-бірі құшақтап қуаныштан секіре бастайды…

«Мен бүкіл өмірімді осыған арнадым, тым қатты қаладым. Осылай болсыншы деп армандауды ешқашан тоқтатқан емеспін», – деді Джанмарко финалдан соң.

Ал Олимпиаданың күміс және қола медальдары бар Баршим: «Мен Олимпиада алтынынсыз зейнетке шыққым келмеді. Мен оны осы жігітпен бөліскеніме шын қуаныштымын!», – деп ағынан жарылды.

Бұл – әлем көз тіккен олимпиадада орын алған, көпшілікті сүйсінткен ерекше оқиға. Екі спортшының даңқ пен алтыннан да достықты биік бағалауына, олардың адамгершілікті биік қойғанына қуандық.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *