4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Ұлыбритания музейіне Шығыс Қазақстаннан табылған сақ қорымының жәдігерлері қойылады

Алғаш рет Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан Фицульям музейіне Шығыс Қазақстан облысынан табылған 300 алтын артефакт қыркүйек айында қойылады,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Бұл жаңалық жайлы бүгін Би-Би-Си және өзге де жетекші сайттар хабарлады.

«Шамамен 2700 жыл бұрын жерленген ежелгі жауынгерлерге тиесілі алтын артефакттар алғаш рет Ұлыбританияда көрсетіледі. Шығыс Қазақстан облысындағы Сақ қорымдарынан алынған қазыналар Кембридждегі Фицуильям музейіне қойылады. Онда зергерлік бұйымдар мен ат әбзелдері және басқа да заттар ұсынылады. Зерттеушілер оларды инвазивті емес технологияларды қолдана отырып зерттейді», деп хабарлады BBC News.

Беделді басылымдардың бірі ретінде саналатын The Times та бұл жаңалықтан құр қалмады. Сайттың хабарлауынша, көпшіліктің көңілін аударатын элемент – жас садақшының жерленген қорымы болады.

Сонымен қатар, күнделікті шығып отыратын Daily Mail газеті, «Гардиан» басылымы көрмеде соңғы жылдары Қазақстанда ашылған ең керемет археологиялық жаңалықтар қойылатындығы жайлы жарыса жазуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *