5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +15°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС Келес ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қоғам

Түркістанда баспасөз хатшылары мен судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

Түркістан қаласында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Соттар және БАҚ: сындарлы диалог» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Іс-шараға республика соттарының медиада белсенді судьялары мен баспасөз хатшылары қатысты. Семинарды Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі ұйымдастырды. Тренингтің ұйымдастырылудағы басты мақсаты – қатысушылардың жаңа медиамен мемлекеттік тілде жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Тренинг бағдарламасы тілді сапалы әрі түсінікті жеткізуден бөлек көптеген өзекті мәселелерді қамтып шықты. PR коммуникация саласындағы жетекші отандық сарапшылар Ақерке Берлібай мен Қарлығаш Дүсіпбаева дәрістер, интерактивтер, практикумдар, тимбилдингтер және т.б. өткізді.

Одан өзге қатысушылармен бірге әлеуметтік желілердің жаңа үрдістер, дағдарысқа қарсы стратегия мәселесі, коммуникациялық менеджмент, көпшілік алдында сөз сөйлеу, атап айтсақ, TED форматы жан-жақты талқыланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *