5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +15°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС Келес ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қоғам

Жұлдызқұрттың қаптауы: сарапшы себептерін атады

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Орман және жасыл екпелерді қорғау және өсімдіктер карантині бөлімінің басшысы Нұржан Мұхамадиев еліміздің аймақтарында зиянкестердің саны неге өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.тілшісі.

Ақтөбе облысының тұрғындары шілде айының соңынан бастап шалғынды жұлдызқұрттың күрт көбеюіне шағымданған болатын. Жұлдызқұрттың көптігі соншалық, олар үй қабырғаларына жабысып, бөлмелерге кіріп, тіпті аяқ астында жүретін жағдайға жетті. Бұл зиянкестердің бір жаманы аймақтағы егіндіктер мен болгар бұрышының плантацияларын жояды. Нұржан Мұхамадиев зиянкестердің жаппай таралуы немен байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Сарапшының пікірінше, шалғын жұлдызқұрттары әр он жыл сайын жаппай көбейеді екен.

«Әр 9-11 жыл сайын бұл зиянкестердің жаппай көбеюі орын алады. Бұл негізінен Күн белсенділігінің жоғары кезеңдерімен байланысты және биыл осы үрдіс тағы қайталанды. Күн белсенділігі, құрғақ ауаның жоғарылауы, төмен ылғалдылық – мұның бәрі шалғынды жұлдызқұрттың ғана емес, сонымен қатар басқа да зиянкестердің көбеюіне ықпал етеді.

Жұлдызқұрттар дәнді дақылдарды жейтін аса қауіпті зиянкестердің қатарына жатады, ол 35 тұқымдастың 100-ден аса өсімдік түрін тұтына алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *