4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

 

Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бизнесменді іздеу туралы хабарландыру Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сайтында “қылмыскерлерді іздеу” бөлімінде пайда болды. Іздеу себептері туралы мәлімет жоқ, алайда сайт мәліметі бойынша Балушкин тергеуден қашып кеткен.
“Азия Авто” сайтының мәліметінше, Анатолий Балушкин – “Бипэк Авто – Азия Авто” компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы.
Аталған азамат Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерлерінің тізіміне енген. Оның байлығы 153 миллион долларға бағаланды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің “Азия Авто” көлік құрастыру компаниясына талап арызы бойынша шешім шығарған болатын. Сот “Азия Авто” компаниясына мемлекетке 174 миллиард теңге қайтаруды міндеттеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *