Арыста жүк вагоны өртенді

Әлеуметтік желіде жүк вагонының өртеніп жатқандығы туралы видео тарады. Куәгерлердің сөзінше оқиға Арыс қаласында болған. Мұны жергілікті әкімдік растады.

– 6 тамыз күні 17.00 шамасында Арыс темір жол станциясының вагон паркі маңында жүк вагонында өрт шықты. Қазіргі кезде оқиға орнында тиісті сала мамандары шұғыл өрт сөндіру жұмыстарымен айналысуда. Зардап шеккендер жоқ – деп хабарлайды Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *