2021 жылғы шілдеде электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындар саны резюмелерден 1,7 есе өскен.
Ең көп бос жұмыстар орындары Түркістан облысында (+33%). Одан бөлек 3 өңірде: Шымкент қаласы (+10%), Ақмола (+20%), Атырау (+7%) облыстарында бос жұмыс орындар саны өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) мәліметінше, шілдеде электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) 81,7 мың бос жұмыс орны және 47,9 мың резюме орналастырылған.
Маусыммен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 15%-ға, ал резюмелер саны 3%-ға азайған. Сонымен қатар Түркістан, Ақмола, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында кадрға қажеттілік артқаны байқалған.
Бос жұмыс орындар саны сауалнама жүргізу жөніндегі сұхбаттасушы (+2,2 мың), хат алмасу жөніндегі көмекші (+0,9 мың) және статист (+0,6 мың) сынды мамандықтар бойынша айтарлықтай өскен.
Біліктілікті қажет етпейтін кәсіптер арасында тауарларды жинақтаушы, базардағы сатушы және буып-түюші сынды жұмысқа сұраныс артқан.
«Шілде айында резюме жіберіп, жұмыс іздейтіндер Қызылорда (+49%), Түркістан (+43%) облыстарында, Шымкентте (+42%) және 6 өңірде өскен. Қызылорда облысында техник-мамандар мен басшылар, Түркістан облысында әкімшілендіру саласындағы қызметшілер мен басшылар арасында белсенділіктің өсуі байқалды, ал Шымкентте резюмелердің саны көбіне өндіріс операторына өскен», — деп жазылған хабарламада.
Аталған айда бос орындар мен жұмыс іздеушілер арасындағы алшақтық сақталған, ал орналастырылған резюмелер ЭЕБ-дағы сұраныстың тек 59% қамтыған.