4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Бадамдық «робот-сауыншылар» 24 сағат жұмыс істейді

Бадам ауылындағы «Бөрте милка» сүт фабрикасында роботтар жұмыс істейді. Қазіргі таңда фермада 1100 голштин тұқымды сиыр бар. Оның ішінде 400-ге жуығы-сауын сиыр. Ендігі жоспар – сауын сиырдың санын 600-700-ге жеткізу.
Қазіргі кезде бір сиырдан тәулігіне 25-26 литр сүт алынса, қыс мезгілінде 28-30 литрге көбейеді. Оңтүстіктің аптап ыстығы фермерлердің техникалық процесстерді толығымен автоматтандыруына себеп болды. Нәтижесінде Швециялық «DeLava» және Голландиялық «Lely» сиыр сауатын роботтары орнатылды. Барлық сиыр қорада екі роботтан орнатылған.
«Роботтар қолданысқа енгелі сауын көлемі ердәуір артты, сонымен қатар сүттің сапасы да жақсарды. Жұмыс процесіне әсер ететін адами факторлар толығымен тоқтады. Сегіз роботтың жұмысын бақылайтын бір қызметкер ғана бар»-деді ферманың бас директоры.
Бұдан бөлек, кәсіпорында автоматты түрде жемдерді жылжытатын механизм де орнатылған. Жемді заманауи техникамен жабдықталған арнайы цехте араластырады. Жүйе 24 сағат тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *