4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістандықтар Маңғыстау жұртына 100 вагонға жуық жем-шөп жеткізеді

Түркістан облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен қуаңшылыққа тап болған Маңғыстау облысына 95 вагон (3 мың тоннаға жуық) шөп жөнелтілді,  деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Арыс қаласынан – 17 вагон, Сарыағаш қаласының теміржол станциясыннан – 51 вагон, Шымкент қаласынан – 18 вагон, Бадам ауылдық округінен – 4 вагон, Отырар ауданынан – 5 вагон шөп тиелген.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының шаруаларына Түркістан облысы әкімдігі ерікті жастардың, кәсіпкерлердің, жанашыр тұрғындардың ұйымдастыруымен мал азығы тапшылығы орын алған аумақтарға көмек қолын созуда.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысының Келес, Сарыағаш аудандарының жыл сайын табиғи шөп оратын алқаптарына да әсер етіп, табиғи шөп бітік шықпады. Алдағы қыс айларында мал азығының тапшылығын алдын алу мақсатында облыстағы орман қорының жерлерінен табиғи шөптерді орып алу ұйымдастырылуда, сонымен қатар Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал аудандары Шардара, Отырар аудандарының жайылымдарын пайдалану туралы меморандум жасалынды» – делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *