5 тамыздағы мәліметке сәйкес, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 125 адам, коронавирустық пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Елімізде 107 мыңнан астам адам ем алып жатыр, 202 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Оның ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
ДСМ өкілдері коронавирус жұқтырғандар арасында 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр дейді.
Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда 610 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, ішінде 6 402 адам қайтыс болды. 62 151 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 3 814 адам қайтыс болды.