4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

«Су арқылы улайды». Желіде елді дүрліктірген аудиожазба тарады

Әлеуметтік желіде «су арқылы вирус тарап жатыр» деген аудиохабарлама тарады. Автор хабарламаны мессенджердегі туыстарының чатына жіберген. Жазба жан-жаққа тарап кеткен, деп хабарлайды Stopfake.kz.

“Құрметті туыстарым, сіздерге жағымсыз бір жаңалық хабарлағым келіп отыр. Жаңа ғана бір вирусологпен сөйлестім. Ол тікелей вирустармен жұмыс істейді. Бұл ақпаратты құпияда ұстайды екен. Бөтелкедегі су болсын, диспенсер болсын, қандай су болса да, қайнатпай ішпеңдер деді. Су арқылы бәрін улайды”, – дейді жазба авторы.

Оның айтуынша, су арқылы балалар мен жасөспірімдерді улайды-мыс. Сол үшін жансақтау бөлімдерінде балаларға арналған бокстарды да дайындап қойған.

“Жастарды байқаңдар деді. Үйден шығармаңдар. Дүйсенбіден бастапты. Шикі суды ішпеңдер. Бәрін қайнатып отырыңыздар”, – деп атап көрсетті ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аудиожазбада айтылған мәселені жоққа шығарды.

“Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда”, – деді комитет мамандары.

Айта кетері, ауыз судағы у туралы хабарламалар Ресей мен Қазақстанда кеңінен тарап жатыр. Осы іспетті фейк ақпарат биыл сәуір айында да шыққан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *