4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістанда ерекше стела орнатылады

 

Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стела салынып жатыр. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стелаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады.
Облыс басшысы Түркістан қаласының әмбебап «ЭКО базар» мен автовокзал құрылысының айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жасыл аумаққа 5 мың ағаш отырғызылып, жарықтандырылады, суару жүйесі іске қосылады.
«ЭКО базарда» көтерме саудаға 450 орынға қойма, бөлшек саудаға 3500-4000 орынға лайықтап дүңгіршектер салынуда. Бүгінгі күні базар көркін қыздыратын ірі өндіруші мекемелермен келісімшарт жүргізілуде. Отандық кәсіпкерлермен қатар, жаңа базарда шетел кәсіпкерлері де өз өнімдерін саудаға салады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *