Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Түркістан: Мектептердің құрылысы қатаң бақылауға алынды

3 августа, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
21
VIEWS

 

Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осы жауапты сәтке дайындық қай деңгейде? Жол картасы бойынша салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы қалай? Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі республикалық Жол картасының білім саласына қатысты тармақтарының Түркістан облысында орындалуы, Түркістан облысының білім саласындағы өзекті мәселелері мен 2021-2022 оқу жылына дайындығы, Түркістан облысында жаңғырудан өтіп жатқан мектептер, Жол картасы аясында Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан мектептердегі жұмыс барысы кеңінен сөз болды.
Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Рабиға Қуатбекова білімге қатысты индикаторлардың орындалуы бақылауда екенін айтты.«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына баса мән берілгенін атап өтті. Жол картасы баяу орындалып жатқан аудан, қалаларға жұмысты жандандыру керектігіне тоқталды. Ел қазынасынан қаржы бөлінген мектептер уақтылы әрі сапалы салынуы тиіс.

Түркістан облысында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде 17 Жол картасы бекітілген.
Қазіргі таңда облыстың Жол картасында 26 негізгі көрсеткіш пен 128 іс-шара болса, оның әрбіріне облыстық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері жетекшілік етеді. Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламасының білімге қатысты тармақтарының орындалуына ықпал етеді.
Жол карталарына сәйкес алдағы 5 жылда облыстағы апатты және үш ауысымды мектептердің өзекті мәселелерін шешу мақсатында 130 мектеп салу (2021 жылы – 47, 2022 жылы – 26, 2023 жылы – 21, 2024 жылы – 24, 2025 жылы – 12) жоспарланған. Биылдың өзінде 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 44 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «5000 мектепті жаңғырту» жобасына облыстағы 108 мектеп еніп отыр.
Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаев жаңа оқу жылына дайындық жоспардағыдай екенін айтты. Оқулықтар жеткілікті. Облыста 2021-2022 оқу жылында жалпы бала саны – 527 586, оның ішінде 1 сыныпқа 80894 бала қабылданады деп күтілуде. Бірінші сынып оқушылары былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 26934 балаға артуы мүмкін.

Жиында білім ұяларының құрылыс барысы туралы Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары
Тәжібай Егетаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, 2021 жылы 78 білім нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 18,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 2 млрд. теңге «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 16,9 млрд.теңге облыстық бюджеттен қаралған.
Бүгінгі таңда 69 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 9 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижелері анықталмаған.
2021 жылдың соңына дейін 44 білім нысанын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бірақ Арыс, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарында Жол картасы бойынша білім ұяларының құрылысы кешігіп жатыр. Жиында аталған аудан, қала әкімдері орынбасарларының мәліметтері тыңдалып, жұмысты жандандыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Tags: 2021Nur Otanмектепоқу жылыТүркістанТүркістан облысыҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

ҚР еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова өмірден өтті

Келесі жаңалық

Аттың құлағында ойнайтын ару елді тәнті етті

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025
Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ
Cаясат

Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Аттың құлағында ойнайтын ару елді тәнті етті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz