4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

ДДСҰ: Әр елдің 60% тұрғыны вакцина салдыруы керек

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше комитеті 2022 жылдың ортасына қарай барлық елдің тұрғындарының 60 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алуы үшін жағдай жасауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасай отырып.
ДДҰ өкілдері әлемде шамамен 3 миллиард доза таралғанына қарамастан, тек 90 миллион доза COVAX вакциналарын тарату механизмі арқылы өткенін атап өтті.
“Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттерге биылғы жылдың қыркүйегіне қарай әлем халқының кемінде 10 пайызы, ал желтоқсанға қарай – 40 пайызы, ал 2022 жылдың ортасына қарай 60 пайызына екпе алуды ұйымдастыруға уақытша ұсынымдар берілді. Әлеуметтік әлсіз топтарды коронавирустан қорғау үшін жаһандық ынтымақтастық қажет”, – делінген хабарламада.
Ұйым осы мақсатқа жету үшін төрт айдың ішінде табысы төмен және орташа елдерде тағы 250 миллион адам вакцинациядан өтуі керек деп хабарлады.
“Бұл пандемияның басталуына жұқпалылығы жоғары вирус себеп болды, алайда теңсіздік, санатқа бөлу және болашаққа инвестиция салуға дайындықтың жоқтығы пандемиқарқын алуына әкеліп соқты. Біз осы кемшіліктерді жоюымыз керек”, – делінген ДДҰ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *