4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан облысында 1500-ден аса жасқа кәсіп ашуға қайтарымсыз грант беріледі

Түркістан облысында 3 мыңнан аса адамға кәсіп ашу үшін 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды turkistanzaman.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіп ашуға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 АЕК (583 мың 400 теңге, 1 АЕК – 2 917 теңге) көлемінде 3100 азаматқа, оның ішінде 1553 жасқа грант беру көзделіп отыр.

«Биыл 1 шілдеге дейін 2500 адам грант алды (81%). Оның 950-і жас, 79 мүгедек, тұрмысы төмен 919 адам, көпбалалы 300 адам, 6 қандас, пробация есебінде тұрған 1 адам, 245 басқа санаттағы тұрғын», – деп жазылған хабарламада.

Грант алушылардың 218-і кәсіпкер ретінде тіркелген, қалған 2282 адам бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып саналады.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік грант алған күннен бастап салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын растауы керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *