Қазір бір жұтым ауаның өзі баға жетпес байлыққа айналғандай. Шымкент қаласында індет қатты өршіген тұста оттегіге қажеттілік бірінші орынға шықты. Осы орайда, шымкенттік жеке кәсіпкер Болатбек Алиев өз қаржысына 200 оттегі баллондарын жалға не болмаса сатып алмақ.
Бұл туралы кәсіпкер Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Жаны жомарт кәсіпкердің айтуынша қазіргі таңда Шымкент қаласының барлық ауруханалары сырқаттарға толған. Жағдай қиын, саланың мамандары өте ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқан көрінеді. Індет жұқтырғандардың көптігінен құрал жабдық, оттегі баллондары жетіспеушілік орын алған.
— Осыған орай, тез арада бір айға жалға 200 баллон керек, қаржысын төлеймін, болмаса бағасына келісіп сатып аламын – дейді Б.Алиев.
Қайырымдылық жасаймын деген азаматтар +7 701 666 1349 (Өскен), +7 775 292 5555 (Балкан) хабарласуына болады.