17 қараша 2026, сейсенбі ⛅ Түркістан +3°C
  • USD 444,40
  • EUR 488,97
  • CNY 66,66
  • RUB 5,39
Жедел
Түркістан облысында мың шақырымнан астам жол жаңғыртылып жатыр Құқық пен міндет тұтастығы — Түркістан өңіріндегі қоғамдық келісім негізі Құрылтай алғашқы Үкімет сағатын балалар мәселесіне арнады Курултай рекомендовал госорганам усилить меры по безопасности детей и подростков Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма САЙЛАУШЫЛАРҒА ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ Шымкент бьет рекорды: как решается проблема переполненных школ?
Басты жаңалықтар

Құрылтай алғашқы Үкімет сағатын балалар мәселесіне арнады

Құрылтайдағы Үкімет сағатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланып жатыр. Аталған бағдарлама әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру және қауіпсіздік салаларында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудың қолданыстағы тетіктерін біріктіреді.

– Тұжырымдама барлық саланы талдау нәтижесінде анықталған 70-тен астам жүйелі мәселе мен міндетті шешуге бағытталған 158 іс-шарадан тұратын жоспарды қамтиды. Атап айтқанда, Тұжырымдама жоспарында баланың бірыңғай цифрлық маршрутын енгізуден, ата-аналарды қолдау және олардың жауапкершілігін арттырудан бастап, балалар ауруханаларын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 111 ұйымның 44-іне күрделі жөндеу жүргізуге дейінгі ауқымды іс-шаралар көзделген. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл басында қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының міндеттерін іске асыру аясында Құрылтай депутаттары үш заң жобасын әзірледі, – деді Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиева.

Жалпы, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен балалардың құқықтарын қорғау саласында барлық қажетті заңдар мен бағдарламалар қабылданып, балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған инфрақұрылым мен институционалдық жүйе құрылды. Атап айтқанда, барлық өңірде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар ашылып, балалардың құқықтарын қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесі заңнамалық тұрғыдан бекітілді.

– Ендігі басты міндет – енгізілген тетіктерді жетілдіру және қабылданған барлық заңдар мен бағдарламалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету. Бұл шаралардың барлығы әрбір баланың өмірінде нақты көрініс табуы тиіс, – деп түйіндеді Динара Зәкиева.

t.me/quryltairesmi

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *