10 қараша 2026, сейсенбі 🌧️ Түркістан +9°C
  • USD 447,52
  • EUR 502,21
  • CNY 67,09
  • RUB 5,41
Жедел
ЦИФРЛЫҚ ТЕҢ МҮМКІНДІК – АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 10 АЙДА 43 700 АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Официальную статистику Казахстана теперь можно получить с помощью искусственного интеллекта AI TALDAU Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты» Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым» Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып»
Басты жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢ МҮМКІНДІК – АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ

Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Бұл ретте цифрлық технологиялардың игілігі тек ірі қалалармен шектелмей, шалғай ауылдарға дейін жетуі маңызды.

Қазіргі заманда сапалы интернет – жай ғана байланыс құралы емес, білім алудың, ақпаратқа қол жеткізудің, кәсіпкерлікпен айналысудың және мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың негізгі тетігі. Сондықтан ауылдық елді мекендердегі интернет сапасын жақсарту цифрлық теңсіздікті азайтудың маңызды шарты саналады.

Түркістан облысында елді мекендердің географиялық орналасуы мен халық санының ерекшелігін ескере отырып, шалғай ауылдардағы байланыс инфрақұрылымын жетілдіруге басымдық беру қажет. Әсіресе, оқушылардың онлайн білім алуына, жастардың қашықтан жұмыс істеуіне және ауыл кәсіпкерлерінің цифрлық нарыққа шығуына мүмкіндік жасау маңызды.

Менің ойымша, цифрлық даму көрсеткіші тек интернетке қосылған елді мекендер санымен емес, тұрғындардың оны тиімді пайдалану мүмкіндігімен бағалануы керек.

Ауылдағы бала да, қаладағы жас та цифрлық мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Бұл – заманауи қоғамдағы тең мүмкіндіктің көрінісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *