10 қараша 2026, сейсенбі 🌧️ Түркістан +9°C
  • USD 447,52
  • EUR 502,21
  • CNY 67,09
  • RUB 5,41
Жедел
ЦИФРЛЫҚ ТЕҢ МҮМКІНДІК – АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 10 АЙДА 43 700 АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Официальную статистику Казахстана теперь можно получить с помощью искусственного интеллекта AI TALDAU Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты» Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым» Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып»
Басты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 10 АЙДА 43 700 АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бекіткен жоспарға сәйкес, 2026 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан аумағында ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері:
43 700 адам тазалық жұмыстарына қатысты;
724 рет арнайы техника жұмылдырылды;
800 тоннадан астам тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды;.TazaQazBot платформасы арқылы келіп түскен 160 өтінімнің барлығы орындалды.
Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, абаттандыру талаптарын бұзған және төрт түлік малын қараусыз жіберген азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 және 505-баптары бойынша 410 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 2 654 705 теңге айыппұл салынды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде 31 бейнеролик пен ақпараттық материал жарияланып, елге үлгі болар азаматтардың қатысуымен 13 арнайы үндеу жолданды.
Сондай-ақ жазғы шомылу маусымында Шардара су қоймасы жағалауындағы демалыс орындарының санитарлық жағдайы мен судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болды.
ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Таза аудан – жайлы өмірдің кепілі. Шардараның тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның белсенділігіне, жанашырлығы мен жауапкершілігіне байланысты. Ортақ мекенімізді таза ұстауға бірге үлес қосайық!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *