Екібастұзда энергетика саласындағы ірі құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаңа энергоблоктардың салынуы қала экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде нысанда 1 500-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың жартысы – Екібастұз қаласының тұрғындары, қалғаны – Солнечный кентінің халқы.
Әр энергоблок заманауи технологиялармен жабдықталады. Мұнда сағатына 1 650 тонна бу өндіретін, қысымы 25 МПа, температурасы 545 градусқа жететін ПП-1650 бу қазандығы орнатылады.
Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/wCzKmuJwcWM
#Халықтыққұрылыс#qarqyndyqurylys
#БольшаяСтройка #Екібастұз