29 қазан 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +18°C
  • USD 457,09
  • EUR 508,42
  • CNY 68,56
  • RUB 5,67
Жедел
Реализация Послания Президента: водовод с каскадом ГЭС мощностью 72 МВт будет построен в Туркестанской области Президент Жолдауын іске асыру: Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады Олжас Бектенов: Послание Президента является самым содержательным программным документом на ближайшую перспективу Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат НАША ЦЕЛЬ — ПОСТРОИТЬ ПО-НАСТОЯЩЕМУ НАРОДНУЮ ЦИФРОВУЮ ЭКОНОМИКУ МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АДАМДАРҒА БАҒЫТТАЛУЫ ТИІС В зале прибытия аэропорта состоялась краткая беседа Касым-Жомарта Токаева с Реджепом Тайипом Эрдоганом Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию
Басты жаңалықтар

Президент Жолдауын іске асыру: Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады

​Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырын және оған байланысты су электр станцияларының каскадын салу жөніндегі келісімге қол қойды.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы 1 миллионнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Ал гидроэлектростанциялар каскады жылына 72 МВт көлемінде «жасыл» электр энергиясын өндіру есебінен өңірдің энергия тапшылығын төмендетуге ықпал етеді.

Келісімде нысанды тиімді пайдалану үшін қажетті су тұтыну көлемі белгіленіп, жобаның инвестициялық кезеңі мен пайдалану мерзімдері айқындалған. Сонымен қатар ұзындығы 54,7 шақырым болатын магистральдық су құбырын кейіннен мемлекет меншігіне өтеусіз беру көзделген.

Салынуы жоспарланған топтық су құбыры мен су электр станцияларының каскады Қазақстан Республикасының стратегиялық су нысандары тізіміне енгізілген. Құрылыс барысында отандық өнімдердің үлесі 90 пайызды құрайды.

«Бүгін біз маңызды стратегиялық құжатқа қол қойдық. Бұл жобаны іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Түркістан облысының дамуына елеулі үлес қосады. Қосымша энергетикалық қуат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын экологияға зиян келтірмей, тиімді орындауға мүмкіндік береді»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *