17 қазан 2026, сенбі ⛅ Түркістан +6°C
  • USD 452,12
  • EUR 508,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,41
Жедел
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру туралы бастамасына тоқталып, шетелдік серіктестерді аталған іске үн қосуға шақырды Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі Президент: «Акция «Таза Қазақстан» становится общенациональной идеологией» Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді Жасанды интеллект Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын жаңғыртуға көмектесті «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

Тазалық – ортақ міндет

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында Төлеби ауданының Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері «Таза аула» экологиялық жобасын ұйымдастырды.
Жоба аясында орталық қызметкерлері мекеме ғимаратының ауласын тазалап, айналаны қоқыстардан арылтты. Аула аумағын жинап-сыпырып, қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына үлес қосты.
Экологиялық жобаның негізгі мақсаты – тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеп, әр азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар мұндай бастамалар көпшілікті ортақ іске жұмылдырып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетудің маңызын айқындайды.
Тазалық – тек бір мекеменің немесе жекелеген азаматтардың міндеті емес, ол – баршаға ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның өз ауласынан, өзі тұратын және еңбек ететін ортасынан басталады. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениетті нығайтып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға болады.
Тазалықты сақтау – табиғатқа деген құрметтің көрінісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *