Сөндірілмеген темекі тұқылы қарапайым ғана нәрсе болып көрінгенімен, ол құрғақ шөп пен егістік алқаптарында өрттің тұтануына себеп болуы мүмкін. Бір тал сигарет тұқылы үлкен шығынға әкелуі ықтимал.
👇 Темекі тұқылын жерге тастамаңыз және толық сөндіріңіз.
🚬 Құрғақ шөп, егістік және жанғыш материалдардың маңында темекі шекпеңіз.
🚫 Өшірілмеген темекі тұқылын көлік терезесінен немесе жол жиегіне тастамаңыз.
📞 Өрт немесе түтін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
🔥 Өрттің алдын алу – өз қолымызда!
🚒 Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамайық!