15 қазан 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +15°C
  • USD 450,62
  • EUR 504,20
  • CNY 67,33
  • RUB 5,36
Жедел
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді! Бір тал темекі – үлкен қауіп! Цифрландыру және жасанды интеллект – ел болашағының негізі! Казахстан 2019-2026: новые предприятия, масштабные инвестиции и развитие регионов ОТ ПРОМЫШЛЕННОСТИ ДО ИНФРАСТРУКТУРЫ: В КАЗАХСТАНЕ ЗА СЕМЬ ЛЕТ РЕАЛИЗОВАНО БОЛЕЕ 1 200 ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ «Токаев достоин Нобелевской премии мира!» — такую оценку дал автор видео, гражданин Германии,ответу Президента во время пресс-конференции в Берлине с участием Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева и канцлера Фридриха Мерца
Басты жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың;

сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

– партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

– бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

 

_________ аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *