5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектепте тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Акция аясында мектебіміздің педагогтері мен қызметкерлері өз үйлерінің аулалары мен оған іргелес аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда. Сонымен қатар білім алушылар арасында табиғатты аялау, тазалықты сақтау, туған өлкені көркейту – әр азаматтың ортақ міндеті екені кеңінен насихатталуда.
Тазалық – тек бір күндік шара емес, күнделікті қалыптасатын мәдениет. Өз ауламыздан, өз көшемізден басталған игі іс – таза әрі көрікті Қазақстанның негізі.
Табиғатты аялайық!
Туған жерімізді көркейтейік!
Тазалықты өзімізден бастайық!
Ұранымыз:
«Таза аула – таза көше – таза қала – таза Қазақстан!»
Әрқайсымыздың кішкентай ғана еңбегіміз – еліміздің тазалығы мен көркеюіне қосылған үлкен үлес!
#ТазаҚазақстан #ТазаАула #ТазаКөше #ТазаҚала #ЭкологиялықМәдениет #ТазалықӨзімізденБасталады

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *