«Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары арасынан шыққан 10 үздіктер 10 млн тенгеден алады!

Құрметті оқырмандар, ауқымды «Кітап оқитын ұлт» марафоны финалдық кезеңінің басты шарттары жарияланды. Жоба қатысушылары арасынан еліміздің ең үздік 10 оқырманы анықталып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңге бас жүлде беріледі!

Жеңімпаз атанып, бас жүлдеге қол жеткізу үшін қандай кезеңдерден өту керек? Марафон барысы:

1️⃣ Тіркеу және бастама: www.reading-nation.kz сайтында 7 байқау бағыты бойынша тіркеу жүріп жатыр. Өз бағытыңызды таңдап, 6 ай ішінде ұсынылған 15 кітапты оқып шығыңыз.
2️⃣ Көпкезеңді іріктеу: Сынақтар мектеп, ұйым, аудан, қала және өңір деңгейлерінде кезең-кезеңімен өткізіледі.
3️⃣ Өңірлік кезең (командалық формат): Бағыттар бойынша үздік шыққан командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталады:
• 🥇 1-орын — 600 000 теңге
• 🥈 2-орын — 450 000 теңге
• 🥉 3-орын — 300 000 теңге
4️⃣ Жекелей сын («Он оқырман»): Өңірлік кезеңнің 4 000 қатысушысы жеке форматта сынға түсіп, эссе жазады және кітаптарды көпшілік алдында таныстырады. Әрбір 20 өңірден 10 үздік оқырман іріктеледі.
5️⃣ Астанадағы республикалық финал: Еліміздің барлық өңірінен келген 200 финалист елордада шеберліктерін көрсетеді.

Басты шарықтау шегі: Финал қорытындысы бойынша марафон қатысушылары арасынан республиканың ТОП-10 үздік оқырманы анықталып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңгеден сыйақы табысталады!
Марафонға қатысып, кітап оқыңыз және басты жүлдені ұтып алыңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *