5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Қатонқарағай тұрғындары жаңа әуежайды 20 жыл күткенін айтады Строить, еще раз строить Строить, еще раз строить Строить, еще раз строить
Басты жаңалықтар

Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2000 жылдан бері ядролық және атом энергетикасы саласында 4,5 мыңнан астам маман даярланды. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі Қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейітов айтты.

Оның айтуынша, салаға инженерлер, физиктер, энергетиктер, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, ғалымдар мен құрылысшылар қажет.

 

«Қазір тиісті мамандар Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және басқа да жоғары оқу орындарында даярланып жатыр. Сонымен қатар Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталығы студенттер мен жас мамандардың практикалық тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Бұл базаларда ядролық және радиациялық қауіпсіздік, реакторлық технологиялар, бұзбай бақылау және радиациялық мониторинг бағыттарында зерттеу жобалары мен тағылымдамалар ұйымдастырылады», деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *