МИФИ Алматы филиалына биыл 131 студент қабылданды

​Биыл «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматыдағы филиалына 131 студент қабылданды.  Мұнда шәкірттер ядролық физика мен атом энергетикасының технологияларын меңгеріп, зертханалық және ғылыми жобаларға қатысады. Ресейлік оқу орнының филиалы 2022 жылы екі ел басшыларының келісімімен ашылған. Университеттің негізгі міндеті – еліміздегі алғашқы атом электр станциясына қажетті мамандар даярлау.
 ​

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *