Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арасында «Жүректен шыққан жыр» атты мәнерлеп оқудан байқау өтті. Шығармашылық байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, адамгершілік, отансүйгіштік және елжандылық қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, көркемсөз өнеріне қызығушылығын арттыру.
Байқауға 7–17 жас аралығындағы тәрбиеленушілер қатысып, ұлы тұлғалардың адалдық пен парасаттылық туралы өлеңдері мен тағылымды нақыл сөздерін жатқа айтты. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Эльмира Байдарбекова және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрғазы Тажыбеков қатысты. Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
АРЫСТА БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ЖЫР» АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ