«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді!
Бұл — жобамыз бен үлкен оқырман қауымымыз үшін маңызды тарихи белес. Бүгін Қазақстанның барлық өңірінен 1 000 000 адам кітап, білім мен даму жолын таңдады.
Біздің қатарымызда кімдер бар? Мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, кітапханашылар, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мамандық иелері және тұтас отбасылар!
Бұл әсерлі цифрдың артында жай ғана статистика тұрған жоқ. Оның артында — кітап оқуға бет бұрған миллиондаған саналы қадам мен жүрек жарды әсерлер жатыр. Бірге оқу — тек көп кітап оқу емес, бұл кітаптарды талқылау, пікір алмасу, бір-бірін тереңрек түсіну және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Марафонға қосылып, кітап оқып жүрген әрбір оқырманға алғыс айтамыз. Бірге біз кітап оқу — заманауи, қызықты әрі беделді екенін дәлелдеп келеміз!
Біз қазірдің өзінде 1 000 000 адамбыз. Алда — тағы да тамаша кітаптар мен жаңа белестер күтіп тұр!
Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет!
#КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация