Нәтижесінде тазалық талаптарын бұзудың 27 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес 27 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы 951 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тұрғындарға тазалық сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады.