5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Қатонқарағай тұрғындары жаңа әуежайды 20 жыл күткенін айтады
Басты жаңалықтар

АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды. Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың аумақтары және басқа да бекітілген аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – баршамызға ортақ іс. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Таза орта – сапалы өмірдің кепілі. Сондықтан тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз керек, — деді Мақсат Мырзамұратов. Ауқымды экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, таза әрі көрікті Келесті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

#ТазаҚазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *