Сауран ауданындағы Өндірістік паркте орналасқан «BNK IRRIGATION» кәсіпорны ауыл шаруашылығына арналған жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты.
Мұндай технологиялар суды тиімді пайдалануға, егістікті сапалы суаруға және шаруалардың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан – ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Сондықтан су тапшылығының алдын алып, әр тамшы суды тиімді пайдалану – бүгінгі күннің маңызды талабы.
Өңірде алдағы уақытта да су үнемдеу технологияларын енгізуге, отандық өндірісті қолдауға және шаруаларға заманауи шешімдерді қолжетімді етуге басымдық беріледі