5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +16°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Басты жаңалықтар

АҚБАСТАУДАҒЫ БҰЛАҚ АУМАҒЫ ҚАЙТА ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» бағдарламасының «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында кезекті тазалық жұмыстары жүргізілді.
Е.Табиров көшесінде орналасқан бұлақ аумағы бұған дейін де тазартылып, ретке келтірілген болатын. Алайда араға уақыт салып, бұлақ маңына қайтадан тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақтың тазалығы бұзылған. Осыған байланысты, аудан әкімі Мадияр Оразалиевтің бастамасымен аталған аумақта қайта санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында бұлақ жағалауы қоқыстан тазартылып, арамшөптер орылды, қураған ағаштардың бұтақтары кесіліп, айналасы ретке келтірілді.
Жалпы 260 адам қатысып, 7 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 2,8 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалықты қамтамасыз ету тек сенбілік өткізумен шектелмеуі тиіс. Тазартылған аумақты қайта ластамау, әсіресе табиғи су көздерін ұқыпты ұстау – ортақ жауапкершілік.
Сондықтан, тұрғындарды бұлақ басы мен қоғамдық орындардың тазалығына жанашырлықпен қарап, атқарылған еңбекті бағалауға шақырамыз.

#ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *