«Бір атаның балалары футбол ойнайды!» — бұл Қазақстанда дәстүрлі түрде өткізілетін, тек бір әулеттің мүшелерінен құралған жанұялық командалар арасындағы бірегей республикалық кіші футбол жарысы.
Аталған жарыс тұңғыш мәрте 2021 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» республикалық бірегей жарысының негізін қалаушы — белгілі спорт журналисі, ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері, жазушы Несіп Жүнісбайұлы. Бұл жарыс әлемде тек қана Қазақстанда ғана өткізіледі.
Несіп Жүнісбайұлы (10 желтоқсан 1950 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданы «Көпбірлік» ауылы) – спорт журналисті, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Бұл жарыстың негізгі мақсаты – әулеттер арасындағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және туыстық қарым-қатынасты дәріптеу.
Қазақ отбасында талантты балаларды футболға тарту, сол арқылы кәсіби футбол командаларына қосу. Жарыстың мағынасы өте үлкен. Отбасы арасындағы спорттық рухты шыңдау.
Жарысқа қатысатын әр команда тек бір ғана атаның ұрпақтарынан (атасы, баласы, немересі, шөбересі) құралуы тиіс. Ойыншылардың жас ерекшелігіне немесе кәсіпқой/әуесқой мәртебесіне ешқандай шектеу қойылмайды.
Бұл жарыс осы күнге дейін үздіксіз өтіп келеді. Тұңғыш рет аталған жарыста жеңімпаз Жамбыл облысының Көкеевтер отбасының командасы атанды. Осы Көкеевтер отбасы құрамасында Жігер мен Жамбыл бала күнінен ойнап, Қазақстанның ұлттық құрамасына енді. Жамбыл Көкеев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Лондонда өткен жарыста гол соқты.
Аталған жарыста Жолдасовтар, Иманқұловтар, Сәрсенбаевтар, Мұхтар ата, Жаңабаевтар, Базарбаевтар жеңімпаз атанса, Көкеевтер отбасы 6 рет жеңімпаз болды.
Жарыс осы уақытқа дейін 24 рет ұйымдастырылды. Жарыс көбіне тарихи Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында өткізіледі және оған еліміздің түкпір-түкпірінен ондаған ірі әулеттік құрамалар жиналады.
Түркістан облысында тұңғыш рет 2026 жылғы 3-4 қыркүйек күндері жарыстың XXV мерекелі өткізілімі болады. Оған еліміздің 32 әлетінен құралған ірі командалар қатысады.
Басты ерекшелігі тарихи Түркістан қаласында өтетін жарыстан кейін 25 жылдық тарихы кітап болып шығарылатын болады.
Кіші футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» атты жанұялық командалар арасындағы республикалық XXV жарыс