Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Ауданға қарасты барлық ауылдық округте өткізілген тазалық шарасына мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының мамандары, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ тазалық пен қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды туған жердің тазалығын сақтауға және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.
Сенбілік барысында елді мекендердегі көшелер, саябақтар, әлеуметтік нысандардың аумақтары мен арық-атыздар тазартылды. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және ағаш түптерін әктеу, шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Туған жердің тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, елді мекендердің көркеюіне және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
#Таза_Қазақстан
ҚАЗЫҒҰРТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ ҮЛГІСІ