ПОЛИЦИЯ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылауда.
Мәселен, Келес ауданында бір тәулік ішінде айналаны ластап, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған 8 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар елді мекеннің көркін бұзып, көше бойына құрылыс материалдарын ретсіз орналастырған 2 азамат заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылды.
Полиция тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *