4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

​ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: МЕМЛЕКЕТТІЛІК ПЕН ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ДАМУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Жаңа Конституция жобасының алғашқы баптары мемлекеттіліктің өзегін айқындайтын стратегиялық нормаларға негізделген. Құжаттың мазмұны саяси жүйенің тұрақтылығын сақтай отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына құқықтық тірек қалыптастыруды көздейтінін аңғартады.
Ең алдымен, 1–2 баптарда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі болмысы нақты бекітіліп, унитарлық құрылым мен президенттік басқару үлгісінің өзгермейтіні көрсетілген. Бұл – басқару сабақтастығын қамтамасыз етіп, саяси белгісіздікке жол бермейтін маңызды қағида.
3-бапта адам капиталы, білім, ғылым және инновация стратегиялық басымдық ретінде танылған. Конституция деңгейінде мұндай бағыттың белгіленуі экономикалық дамудың сапалы жаңа моделіне көшудің құқықтық алғышарты болмақ. Яғни, бұл норма декларативті сипаттан гөрі болашақ мемлекеттік саясаттың нақты бағдарын айқындайды.
5-баптағы құқық үстемдігі мен заңның кері күшінің болмауы қағидаттарының айқын жазылуы құқықтық мемлекет стандарттарына сәйкестікті күшейтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *