ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТЕДІ
Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауидің ағартушылық-философиялық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ясауи керуені» атты аймақтық ғылыми-танымдық семинарлар ұйымдастырылады. Іс-шара өңірдің қала-аудандарын қамтып, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер мен жастардың қатысуымен өтеді.
Семинарлар барысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық ілімі, ұлттық құндылықтар және қоғамдық келісім тақырыптарында мазмұнды дәрістер тыңдап, жергілікті тұрғындармен ашық кездесулер өткізеді. Сонымен қатар өңір тұрғындары үшін мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Жоба аясында іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуіне ерекше мән беріліп, арнайы бейнероликтер, инфобаннерлер әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланады.
Облыс тұрғындарын «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинарлар