Соңғы уақытта өзін МКК-нің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде.
Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.
❗️ Мысалы, алаяқтар қызметті «әр екі жыл сайын растау қажет» деген желеумен e-Salyq немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.
МКК мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.
Азаматтарды сақ болуға және ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеруге шақырамыз.
Соңғы уақытта өзін МКК-нің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде.