«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру қағидаларының сақталуын тұрақты түрде бақылауда ұстап келеді.
Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округіне қарасты Берген Исаханов ауылында ортақ пайдаланылатын аумақты ластау дерегі анықталды. Атап айтқанда Канавалов көшесінің тұрғыны өз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында шамамен 4 тонна іргетас қалдықтарын, шифер сынықтарын және өзге де құрылыс қалдықтарын көше бойына төккен.
Аталған құқық бұзушылықты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап, азаматқа қатысты шара қолданылды. Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі /