4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

​Әкімшілік рақымшылық: кімдерге қолданылады және кімдерге қолданылмайды

Әкімшілік рақымшылық: кімдерге қолданылады және кімдерге қолданылмайды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Мемлекет басшысы 2026 жылғы 17 наурызда жариялаған рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады.
Әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдардан Қазақстан Республикасының азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттар мен заң консультанттарын босату жоспарланып отыр.
❗️Алайда рақымшылық мына тұлғаларға қолданылмайды:
* заңды тұлғалар мен лауазымды адамдарға;
* шетел азаматтарына, қандастарға және азаматтығы жоқ адамдарға;
* сот тағайындаған айыппұлдарға;
* салық салу объектілерін жасыруға және салық төлеуден жалтаруға байланысты жекелеген салықтық құқық бұзушылықтарға.
Еске салайық, микро және шағын бизнес субъектілері үшін шартты түрде «таза парақ» тетігі қазірдің өзінде қолданылып келеді. Оның аясында негізгі салық берешегі өтелгеннен кейін:
🔹 4,4 млрд теңге өсімпұл;
🔹 4,9 млрд теңге айыппұл есептен шығарылды.
Қаржы министрлігінің алдын ала есептеуі бойынша, заң күшіне енгеннен кейін әкімшілік рақымшылық жалпы сомасы 298,4 млн теңгені құрайтын 2 370 адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
📌 Рақымшылық қолданылатын тұлғалар санаттары, көзделген ерекшеліктер және оны қолдану тәртібі туралы толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыздар. 🔗
https://t.me/kgdmfrk/11743

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *