Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
26 ноября, 2025
in Басты жаңалықтар, Экономика
0
0
SHARES
5
VIEWS

Түркістан облысының Кентау қаласындағы арнайы экономикалық аймақта газ қазандықтарын шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға «TURAN Shenhua» ЖШС тарапынан 2,4 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған. Кәсіпорынның жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды.

Жаңа зауытта жылына 30 мың дана газ қазандығы өндіріледі. Бұл өнімдер ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие. Өндіріс орнының іске қосылуы нәтижесінде Кентау қаласының 40 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Аталған жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Жаңа кәсіпорынды іске қосу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жобаның маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды жобаның іске қосылуына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бұл салаға инвесторлар тарту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Кентау қаласында газ қазандықтарын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жобаны жүзеге асырған инвесторларға алғыс айтамын. Жаңа бастамаға табыс тілеймін,» – деді облыс әкімінің орынбасары.

Кентау қаласында арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және индустриалды аймақ жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Қарнақ» шағын өнеркәсіп паркін ашу үшін 9,3 гектар жер бөлінген. АЭА-ның жалпы аумағы 35 гектарды құрайды және толық инфрақұрылыммен қамтылған. Бүгінде бұл аймақта «KentauRedStar» ЖШС кірпіш зауыты мен «Темір бетон» ЖШС темір-бетон бұйымдарын шығару кәсіпорны іске қосылған. Биыл қосымша 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады.

Индустриалды аймақтың жалпы аумағы 43 гектарды құрайды. Мұнда 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олардың нәтижесінде 309 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Инвесторлар тарту және өндірістік кәсіпорындарды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Алдыңғы жаңалық

Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ «TURKESTAN BOOK FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ «TURKESTAN BOOK FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ «TURKESTAN BOOK FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz