Қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекетіміздің өркендеуі — халық арасындағы бірлік пен ынтымаққа тікелей байланысты. Ел Президенті мен мемлекет басшылығы әрдайым татулық пен қоғамдық келісімді еліміздің басты құндылықтарының бірі ретінде атап өтеді. Себебі бейбіт өмір мен тұрақтылық — кез келген мемлекеттің ілгерілеуінің басты кепілі.
Бірлік – ел болашағының кепілі
Қазақ халқы «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деп бекер айтпаған. Бірлік – адамдардың ортақ мақсатқа жұмылуы, әртүрлі көзқарас пен ұстанымға қарамастан ел мүддесі үшін бірге әрекет етуі. Елдегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара құрмет пен түсіністік қоғамның бірлігін арттыра түседі.
Ынтымақ – қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың тірегі
Ынтымақ — адамдар арасындағы өзара сыйластық, бірін-бірі қолдау, татулықта өмір сүру мәдениеті. Ынтымағы жарасқан қоғамда кез келген бастама нәтижелі, ортақ мақсаттар орындалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі — осы ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісі.







