4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан, бейбітшілік пен келісімнің киелі мекені.

Бүгінде елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері Қазақстанды өз туған Отанындай қабылдап, ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін, мәдениеті мен тіліне құрмет көрсетіп, өсіп-өркендеуге бар күшін жұмсауда.

“Қазақстан – біз үшін екінші Отан. Бізге өз тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтау мүмкіндігі берілген. Балаларымыз қазақ және ана тілін қатар меңгеріп өсіп келеді. Осындай жағдай жасаған Қазақстан халқына және Ел басшылығына алғысымыз шексіз!” – дейді елімізде тұратын түрлі этностардың өкілдері.

Мемлекетіміздің жүргізіп отырған татулық пен тұрақтылық саясаты – әр азаматқа тең құқық пен мүмкіндіктер береді. Бұл – бірлігі жарасқан көпұлтты елдің басты байлығы.

Қазақстан – баршамызға ортақ шаңырақ. Осы шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, жарқын болашаққа бірге қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *