Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
1 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS

Түркістан облысында және облыс орталығында бой көтеретін жаңа нысандар өңірдің тарихи келбетіне және заманауи талаптарға сай салынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен штаб отырысында мәлім болды. Жиын барысында облыста жүзеге асырылатын маңызды жобалар таныстырылып, олардың сәулеттік шешімдері талқыланды.Әрбір жобаны мұқият қарап шыққан облыс басшысы нысандардың тек функционалды ғана емес, сонымен қатар эстетикалық тұрғыдан үйлесімді болуына баса мән беру қажеттігін атап өтті. «Жобалар өңіріміздің мәдени ерекшелігі мен тарихи болмысына сай орындалуы тиіс. Түркістан – тек облыс орталығы ғана емес, бүкіл елдің рухани астанасы. Сондықтан бұл қаланың әрбір көшесі мен ғимараты өз болмысымен ерекшеленуі қажет», – деді Нұралхан Көшеров. Штаб отырысына облыстың бас сәулетшілері, ірі инвесторлар, құрылыс компанияларының өкілдері және жобалаушы ұйымдар қатысты. Жиын барысында аймақтың түрлі бөліктерінде жоспарланған ірі жобалардың эскиздері мен макеттері таныстырылды. Соның ішінде Түлкібас ауданындағы Иірсу каньонында туристерге арналған бақылау алаңы, Кентау қаласында демалыс аймағы, сондай-ақ облыс аумағындағы бірқатар теміржол вокзалдарын жаңғырту жобалары талқыланды.Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы «Отырар» шағынауданында салынатын 5 қабатты тұрғын үй кешенінің жобасы, теміржол вокзалы маңын абаттандыру, «Яссы» және «Бекзат» шағынаудандарын дамытуға бағытталған ұсыныстар ұсынылды. Бұл жобалар Түркістанның инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, өңірге тән сәулеттік стильді сақтауға бағытталған. Әкім жобалаушыларға сапалы материалдар қолдануды, жобаларды уақытылы әрі жоғары деңгейде орындауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындар мен қала қонақтары үшін ыңғайлы әрі тартымды орта қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Иірсу каньонында туристік бақылау алаңының салынуы – Түлкібас ауданындағы экотуризм әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл жоба жүзеге асса, табиғи ландшафтты сақтай отырып, өңірге келетін туристерге жаңа мүмкіндік туады. Жоба аясында қауіпсіздік пен жайлылық басты назарда болады – бақылау алаңы заманауи стандарттарға сай жабдықталмақ.  Ал Кентау қаласындағы демалыс аймағы – урбанизациямен қатар демалыс мәдениетін дамытуды көздейді. Жаңа жобада жасыл желектер, спорттық алаңдар, балаларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыратын мұндай жобалар облыстың өзге өңірлерінде де жүзеге асырылмақ. Жиында облыстағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жобалары кеңінен талқыланды. Бұл ретте көлік қатынасының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігіне баса мән берілді. Жобалар бойынша вокзал маңындағы аумақтар абаттандырылып, жолаушыларға арналған жаңа кешендер мен қызмет көрсету орталықтары ашылмақ. Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жобасы да көпшіліктің назарын аударды. Мұнда жайлы көлік аялдамалары, көлік тұрағы, жасыл желек белдеуі мен жаяу жүргінші аймақтары жоспарланған. Мұның барлығы туристер мен қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталады. Облыс орталығындағы құрылыс жобалары түркі өркениетінің рухын сақтай отырып, заманауи сәулетпен ұштастыруға негізделген. Әкімнің тапсырмасы бойынша, сәулетшілер Орталық Азияға тән элементтерді, шығыстық нақыштағы өрнектер мен материалдарды кеңінен қолдануы тиіс. Сонымен қатар, «Яссы» және «Бекзат» шағынаудандарын дамыту барысында көгалдандыру, әлеуметтік инфрақұрылым, жаяу жүргінші аймақтарын көбейту секілді маңызды аспектілер де ескерілуде. Бұл жобалар қаланың жалпы сәулеттік концепциясымен үйлесіп, Түркістанның мәртебесін арттыра түседі. Отырыста облыс әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аудару қажеттігін ескертті. Әрбір ғимараттың іргетасынан бастап, әрлеу жұмыстарына дейінгі барлық кезеңі мұқият тексеріледі. «Құрылыстың әр сатысы облыстық штаб пен жауапты басқармалар тарапынан бақылауда болады. Сапасыз әрі стандартқа сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды», – деді әкім. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде ондаған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан салынып жатыр. Олар толық аяқталған соң, облыс аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Түркістан облысында қолға алынған сәулеттік және инфрақұрылымдық жобалар – өңірді кешенді дамыту бағытындағы маңызды қадам. Жаңадан бой көтеретін нысандар тарихи мұраны сақтай отырып, заманауи үрдістермен үйлесетін болады. Әкімдік тарапынан қойылған талаптар мен тапсырмалар – сапа мен үйлесімділікке жетелейтін нақты қадамдар.

Осылайша, Түркістан облысы – архитектурасы мен инфрақұрылымы үйлескен, туристік әлеуеті артқан, заманауи әрі тарихи өңір ретінде дами бермек.

Алдыңғы жаңалық

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025
Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝
Басты жаңалықтар

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА  «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

saqnews.kz
26 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz