5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Түркістан өңірінде жайлы мектептердің құрылысы аяқталу сатысында

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы құны 29 мектептің (22 900 орындық) құрылысы жоспарланған. 2024 жылы 13 мектеп салынса, 2025 жылы 16 мектепті тапсыру көзделген. Осы білім ұяларының құрылысы, білікті ұстаздармен қамту мәселелері облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
– Барлық мектеп уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын тұрақты бақылаңыздар. Мердігерлер жұмысты жауапкершілікпен атқарсын. Екіншіден, бұл мектептерді білікті басшылармен, педагогтармен қамту да өзекті. Қазірден жүйелеп, жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Тұрханов пен Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымбекованың есептері тыңдалды. 29 мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100 % тартылған (газ, су, электр, байланыс). 22 мектепте кірме жолдар салынған. Қалған 7 мектепте кірме жолдарына ауыр техникалардың жұмыстары аяқталған соң асфальт төсеу жұмыстары атқарылады. Құрылысы аяқталған 13 мектептің тоғызында оқу процесі басталған. 4 мектепте биылғы қыркүйек айында басталады. 2025 жылы тапсырылуы жоспарланған 16 мектептің 11-інде құрылыс жұмыстары 83%-ға орындалған.
Қазіргі таңда, 9 жайлы мектепте жалпы 736 педагог жұмыс істеуде. Білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдау туралы қолданыстағы нормаларға сәйкес 23 мектептің директоры тағайындалды. 6 мектеп директоры «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінен алынды. 13 мектеп директоры конкурстық тәртіппен, 4 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалды. 2025 жылы пайдалануға берілетін 16 мектептің 12-сіне директор тағайындалды. 2 мектеп директорының лауазымы конкурс кезеңінде, 2 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалады деп күтіліп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *