Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістанда заманауи спорт кешендері құрылысы қарқын алды

Түркістанда заманауи спорт кешендері құрылысы қарқын алды
saqnews.kzsaqnews.kz
8 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS
Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты.
Көпфункционалды кешен ретінде салынып жатқан атшабар Халықаралық ат спорты федерациясының талабына сай бой көтеруде. Мұнда болашақта халықаралық жарыстарды өткізу көзделген. Атап айтқанда, Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген конкур, үшсайыс және ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік тумақ.
Бұл нысанда 30-дан аса техника мен 71 адам жұмыс істеуде. Облыс әкімі нысанның құрылыс жоспарымен танысып, қолданылатын материалдары туралы мамандар пікірін тыңдап, жауапты басшылар мен мердігерге нақты міндеттер жүктеді.
Одан кейін Нұралхан Көшеров халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылыс барысын қалағалады. Ғимараттарын аралап, сапалы материал қолдану әрі сәулетін келісті ету жөнінде тапсырма берді.
Бұл кешен елімізде ескек есу, академиялық есу спорт түрлерін, сонымен бірге туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының суару жүйесіне оң ықпалын тигізеді. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталды. Үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда үшінші кезеңнің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында 165 адам және 24 техника жұмылдырылған.
Кешенде 1000 орындық трибуна, қайықтар мен спорттық жабдықтарды сақтауға арналған эллинг ғимараты, төрешілер мұнаралары, аэрация және сүзу жүйелері, инженерлік инфрақұрылым, сондай-ақ көрермендерге арналған табло, көгалдандыру және абаттандыру элементтері қарастырылған.
Жаңа спорт кешендерінің құрылысы аймақта спорттық туризмді де дамытуға серпін береді. Түркістан – тарихи және мәдени орталық ретінде халықаралық аренада танымал мекен. Спорт инфрақұрылымының дамуы қалаға шетелдік командалар мен спортшылардың жиі келуіне, оқу-жаттығу жиындарын өткізуіне қолайлы жағдай тудырады.
Сондай-ақ, облыста балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Жаңа кешендер арқылы дарынды балалар мен жас спортшылардың кәсіби деңгейде өсуіне, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауына жол ашылады. Бұл өз кезегінде Қазақстан спортының дамуына қосылған үлес болмақ.
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ауқымды жол құрылысы жүріп жатыр

Келесі жаңалық

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2600-ден астам экологиялық шара өткізілді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЮДЖЕТТІК ТӘРТІП ПЕН АШЫҚТЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЮДЖЕТТІК ТӘРТІП ПЕН АШЫҚТЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

25 июля, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

25 июля, 2025
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

23 июля, 2025
Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді

22 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: «АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨЗІНДІК КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТҚАН

21 июля, 2025

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

17 июля, 2025

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

16 июля, 2025
Келесі жаңалық
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2600-ден астам экологиялық шара өткізілді

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2600-ден астам экологиялық шара өткізілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

saqnews.kz
23 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

saqnews.kz
25 июля, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz