Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының басты мәселелері қаралды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының басты мәселелері қаралды
saqnews.kzsaqnews.kz
5 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
12
VIEWS

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиналыста индикаторлық жоспардың іске асу барысы бойынша аудан, қала көрсеткіштері жан-жақты сарапталды. Сонымен қатар, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірлердің дайындығы пысықталып, берілген тапсырмалардың орындалуы және өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

Жиында басқарма басшылары аудан мен қалалардағы кешігіп жатқан бағыттар мен көрсеткіштерге назар аударып, орын алған кемшіліктерді ашық айтты. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары Түлкібас, Бәйдібек, Келес аудандары мен Кентау қаласында тиісті деңгейде жүзеге асырылмағаны айтылады. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары тарапынан өзге өңірлерге де ескертіліп, маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, инвестиция тарту, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жылыжай салаларын кеңейту және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бағытындағы жоспарларды орындау мәселесі де талқыланды. Аудандар арасында тәжірибе алмасу арқылы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға ұсыныс жасалды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков басқарма басшылары мен аудан әкімдері орынбасарларына нақты тапсырмалар беріп, кедергілерді бірлесіп талқылап, тиімді шешім қабылдауды міндеттеді. «Жыл басында белгіленген межемен бәріңіз келістіңіздер, енді айтқан уәждеріңіз қабылданбайды. Мәселе бөлімдегі мамандарға жүктегенмен шешілмейді. Жауапкершілік сіздерден талап етіледі. Сондықтан кабинеттен шығып, шаруашылықтарды аралаңыздар. Тек осылай ғана нақты шешім мен ұтымды ұсыныс айта аласыздар», — деді Нұрбол Тұрашбеков.

Күн тәртібінде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы туралы мәліметтер ұсынылып, оның нәтижелерімен қатар бірқатар тапсырмалар нақтыланды. Аталған санақтың өткізілуі өңірдегі ауыл шаруашылығының нақты көрсеткіштерін анықтап, болашақ даму стратегиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болып отыр.

Жиналыс қорытындысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты ұсыныстар мен ұсынылған шешімдер нақты тапсырмаларға айналып, олардың орындалуын бақылау жүйесі күшейтілмек. Бұл бағытта аудандар мен қалалар арасында тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу арқылы өнімділік арттырылмақ.

Осындай жүйелі жұмыстар Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беріп, ауыл шаруашылығындағы өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік туғызады. Әкімшілік деңгейінде қолға алынған бұл шаралар өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, ауылдық жерлердегі тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Жалпы, облыста ауыл шаруашылығын дамыту — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар мен аграрлық сала өкілдерінің бірлесе атқарған жұмыстары өңірдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізуде.

Алдыңғы жаңалық

Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасымен кездесу барысында өзара ынтымақтастықты талқылады

Келесі жаңалық

Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра

Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz