Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сауда алаңдарындағы алаяқтық: онлайн сатып алуларды қалайша қауіпсіз жасауға болады

Сауда алаңдарындағы алаяқтық: онлайн сатып алуларды қалайша қауіпсіз жасауға болады
saqnews.kzsaqnews.kz
4 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Соңғы жылдары интернет-технологиялардың қарқынды дамуы сауда индустриясын түбегейлі өзгертті. Ендігі жерде тауарлар мен қызметтерді үйден шықпай-ақ, интернет арқылы сатып алу кең тараған. Алайда электрондық коммерцияның дамуы киберқауіпсіздікке байланысты жаңа сын-тегеуріндер мен тәуекелдерді де бірге ала келді. Онлайн сатып алулар жасаған кезде қолданушылар желідегі алаяқтықтың түрлі тәсілдеріне тап болуы мүмкін.

Желіде қандай қауіптер бар?

Бірінші кезекте фишинг қауіпін атап өту қажет. Бұл – интернет пайдаланушылардың дербес ақпараттарын (логин, құпиясөз, банк картасының деректері және т.б.) алуға бағытталған алаяқтық әрекет. Фишингтік сайттар шынайы интернет-дүкендердің немесе банктік порталдардың көшірмесі ретінде жасалады. Олар пайдаланушының сеніміне кіріп, оның деректерін иемденуге ұмтылады. Мұндай сайттарға сілтемелер көбінесе электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе жалған жарнамалар арқылы таратылады.

Фишингтік ресурстарды анықтаудың негізгі белгілері: күмәнді немесе бұрмаланған URL мекенжайлары, қауіпсіз байланыс сертификатының (HTTPS) болмауы, грамматикалық және орфографиялық қателер, сондай-ақ тым тартымды ұсыныстар (мысалы, 90% жеңілдікпен сатылым).

Екінші кең таралған қауіп – Malware немесе зиянды бағдарламалық қамтылым. Мұндай бағдарламалар пайдаланушының рұқсатынсыз құрылғыға орнатылып, оның деректеріне қол жеткізуді мақсат етеді. Зиянды БҚ әртүрлі жолмен таралады: күмәнді сілтемелер арқылы, пираттық бағдарламалар жүктелгенде немесе USB құрылғылары арқылы.

Зиянды бағдарламалардың түрлеріне мыналар жатады:

  • Трояндар – олар өзін пайдалы бағдарлама ретінде көрсетіп, шын мәнінде деректерге қол жеткізеді;

  • Бопсалаушы бағдарламалар – құрылғыны немесе деректерді бұғаттап, оларды қалпына келтіру үшін ақы талап етеді;

  • Шпиондық бағдарламалар – қолданушының әрекеттерін жасырын бақылай отырып, оның деректерін жинайды.

Төлем ақпараттарының қауіпсіздігі – электрондық коммерция саласындағы аса өзекті мәселе. Алаяқтар интернет-дүкендердің немесе төлем жүйелерінің осал тұстарын пайдаланып, пайдаланушылардың банк карталары немесе электрондық әмияндар деректерін ұрлауы мүмкін. Бұл жағдайда қаржылық шығындарға ұшырау қаупі жоғары.

Қоғамдық Wi-Fi желілері арқылы да қауіп төнуі ықтимал. Ашық желілерге қосылған кезде құрылғыңызға бөгде адамдар тарапынан қол жеткізу мүмкіндігі артады. Бұл жағдайда алаяқтар құрылғыға зиянды БҚ орнатып қана қоймай, енгізілген құпиясөздер, карта деректері сияқты мәліметтерді де бақылай алады. Қаскүнемдер тіпті құрылғыны уақытша иемденіп, банктік операциялар жасауға, шоттардан қаражат шығаруға және барлық байланыс пен құжаттарға қол жеткізуге әрекет етуі мүмкін.

Онлайн сатып алуды қауіпсіз жасау үшін не істеу керек?

  1. Ресми сайттарды пайдаланыңыз. Тек тексерілген және сенімді интернет-дүкендерден сауда жасаңыз.

  2. HTTPS протоколына назар аударыңыз. Сайттың мекенжайы «https://» деп басталуы тиіс және жанында құлып белгісі болуы қажет.

  3. Антивирустық бағдарламаны қолданыңыз. Құрылғыны үнемі жаңартып отыру және сенімді қауіпсіздік бағдарламаларын орнату маңызды.

  4. Қоғамдық Wi-Fi-дан сақ болыңыз. Онлайн сатып алуларды жеке, қорғалған интернет желісі арқылы жасаған жөн.

  5. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Белгісіз көздерден келген хаттарға немесе жарнамаларға сенбеңіз.

Қорытындылай келе, интернеттегі сауда мүмкіндіктерімен бірге қауіптер де артады. Алаяқтармен күрес – бұл тек қауіпсіздік қызметтерінің емес, әрбір қолданушының да жауапкершілігі. Қырағылық таныту, сақтық шараларын сақтау және киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту – онлайн сауданы қауіпсіз әрі сенімді етудің негізгі жолдары.

Алдыңғы жаңалық

ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Келесі жаңалық

Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды: 3000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025
Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025
Келесі жаңалық
Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды: 3000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды: 3000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ЖАҒАЖАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАҒАЖАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

saqnews.kz
6 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz